Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттығынан кандидаттарды тіркеуді аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттығынан кандидаттарды тіркеуді аяқтады

Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттығынан кандидаттарды тіркеуді аяқтады

АСТАНА. 24 шілде. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттығынан кандидаттарды тіркеуді аяқтады. Тіркеу қорытындысы бүгін ОСК отырысында шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 24 Шiлде 2007
  • 405
Фото - Caravan.kz

ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың хабарлағанындай, «Орталық сайлау комиссиясына түскен алдын-ала мәліметке сәйкес, 2007 жылдың 24-шілдесіндегі
жағдай бойынша мәслихаттар депутаттығына ұсынылған 9128 кандидаттан 8744 адам тіркелді. Олардың ішінде облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутаттығына 1609 кандидат; аудандық мәслихаттардың депутаттығына 5344 кандидат; қалалық мәслихаттардың депутаттығына 1791 кандидат тіркелді.
«Бір депутаттық мандатқа республика бойынша орташа бәсекелестік 2,6 кандидатты құрады. Бұл ретте облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутаттарын сайлауда бір мандатқа бәсекелестік орташа шамамен 2,9 кандидатты құрады; аудандық мәслихаттар депутаттарын сайлауда 2,5; қалалық мәслихаттар депутаттарын сайлауда бір депутаттық мандатқа 2,9 үміткер болды».
Бүгінгі күннен бастап мәслихаттар депутаттығына тіркелген барлық кандидаттар үгіт жұмысына кірісе алады»,- деді ОСК төрағасы .


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті