Алматы облысында қатты нөсер салдарынан елдімекендердің су ішінде қалу қаупі сақталып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында қатты нөсер салдарынан елдімекендердің су ішінде қалу қаупі сақталып отыр

Алматы облысында қатты нөсер салдарынан елдімекендердің су ішінде қалу қаупі сақталып отыр

АСТАНА. 25 шілде. Kazakhstan Today. Алматы облысында қатты нөсер салдарынан елдімекендердің су ішінде қалу қаупі сақталып отыр.

  • 25 Шiлде 2007
  • 334
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2007-жылдың шілде айының 23 мен 24 аралығында жауған қатты нөсер мен сынап бағанасының көтерілуі салдарынан Жоңғар Алатауы бөктерлері мен Өсек, Қорғас және Чижин өзендерінде судың деңгейі көтерілуі салдарынан Лесновка ауылындағы селден қорғау бөгеті мен Қызылжар учаскесін тасқын бұзып кетті. Лесновка ауылының су ішінде қалу қаупі бар. Чижин өзенінде Чижин каналының негізгі құрылғысын су шайып кетті. Жаркент сыра зауытының маңында жағалаудың бір шеті опырылып түсті, сол маңға ең жақын ғимараттар 150-180 метр жерде тұр. Жиделі ауылындағы үйлер жартылай су ішінде қалды. Тасқын салдарынан Қорғас өзенінде көпірдің оң жақ жағалаудағы қиябетін су шайып кетті. Сол жақ жағалаудағы қорғаныс құрылғылары жарым-жартылай бүлінген. Еңбекші ауылында екі шаруашылық жайы мен екі бақшаны су алды. Қорғас өзенінде қоршау мен Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы аумағының бір бөлігі су ішінде қалды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті