Мемлекет басшысы Ақмола облысында неміс компаниясымен ауылшаруашылық техникасын құрастыратын біріккен кәсіпорын құруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет  басшысы Ақмола облысында неміс компаниясымен ауылшаруашылық техникасын құрастыратын  біріккен кәсіпорын құруды ұсынды

Мемлекет басшысы Ақмола облысында неміс компаниясымен ауылшаруашылық техникасын құрастыратын біріккен кәсіпорын құруды ұсынды

АСТАНА. 25 - шілде. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев немістің "Клаас" компаниясымен заманауи ауылшаруашылық техникасын құрастыратыг біріккен кәсіпорын құруды ұсынды. Мұндай ұсынысты Елбасы кеше Ақмола облысындағы жұмыс сапары барысында жасады, деп хабарлайды президетің баспасөз қызметінен.

  • 25 Шiлде 2007
  • 504
Фото - Caravan.kz

«Өзінің Көкшетауға сапары барысында елбасы «СТ Агро» ЖШС барып, Қазақстанға әлемге танымал компаниялардың тасымалдап отырған ауылшаруашылық техникасын көрді»,- деп айтылған хабарламада. Баспасөз қызметіндегілердің түсіндіруінше, Н. Назарбаев немістің «Класс» компаниясының техникасымен таныса келе, ауылшаруашылық техникасын құрастыратын біріккен кәсіпорын құру туралы ұсыныс білдірген».

Президенттің пайымдауынша, бұл «Ақмола облысында жаңа жұмыс орындарын құруға септіңгін тигізеді». «Қазақстан жоғарғы өнімді ауылшаруашылық машиналарын шығаратын ел болады»,- деп атап көрсетті президент.

Президент сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы бөлімшесінің жаңа ғимаратына барып, мұз алаңы, жүзу бассейні, гимнастикалық және жаттықтыру залдары орналасатын Спорт сарайының салыну барысымен танысып, «Қазақтелеком» АҚ облыстық дирекциясының жаңа ғимаратын қарап шықты, онда оған облыстағы телекоммуникацияның жаңа жобасы ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті