"Самғау" басшысы Қазақстанда үкіметтік Интернет жүйесін құру қажет деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Самғау" басшысы Қазақстанда үкіметтік Интернет жүйесін құру қажет деп санайды

"Самғау" басшысы Қазақстанда үкіметтік Интернет жүйесін құру қажет деп санайды

АСТАНА. 25 - шілде. Kazakhstan Today. "Самғау" Ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг" АҚ басқармасының төрағасы Азамат Әбдімомынов Қазақстанда "электронды үкіметтің" іс-қызметін қамтамасыз ету үшін үкіметтік Интернет жүйесін құру қажет деп санайды. Бұл туралы кеше өткен үкімет отырысының барысында оның басшысы Азамат Әбдімомынов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 25 Шiлде 2007
  • 462
Фото - Caravan.kz

«Сингапур мен Кореяда мемлекеттік органдардың қажеттілігі үшін үкіметтік Интернет құрылған, бұл бірыңғай регламенттерді қолдану мен қауіпсіздіктің жоғарғы деңгейін қамсыздандыруға мүмкіндік берген»,- деді Азамат Әбдімомынов.

«Бүгінде бізде мұндай жүйе жоқ, соның салдарынан мемлекеттік органдар мәліметтер алмасу үшін телекоммуникациялық операторларға корпоративтік желі әзірлеуге жекелей тапсырыс беруге мәжбүр»,- деп қосты ол. Оның мәліметтеріне сүйенсек, бұл қызметтердің құны жылына 150-ден 250 млн теңгені құрайды. «Бұл жүйелер, әдетте, тұрақты жұмыс істемейді, қор құра алмайды, ІІМ пайдаланып отырғандарынан басқасын жедел басқару мүмкіндігі жоқ «,- деп санайды «Самғау» басшысы.

«Мұндай желілерді ұстауға бөлінетін қаржы республикалық бюджеттен жылына 2 млрд теңгеден асып жығылуы мүмкін»,- деп тұжырымдады Азамат Әбдімомынов. «Сонымен қатар әкімшіліктер жергілікті бюджет қаржысына аймақішіндегі желі құруда, олар өзара регламенттелмеген, бұл әрине ақшаны босқа шашу»,- деп қосты ол.

«Біз осындай жоба ұсныып отырмыз, мұны холдинг осы жылдың қыркүйегінде іске асыра алады, сөз Шығыс Қазақстан облысындағы «Ертіс» пилотты жобасы туралы болып отыр. Осы мерзім ішінде Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен Шығыс Қазақстанның барлық аудан орталықтары қосыла алатын » электронды үкіметтің» жер бетіндегі спутниктік сегменті құрылады. Ал үкімет қолдау көрсеткен жағдайда Қостанай, Оңтүстік Қазақстан және Атырау облыстарындағы 41 аудан орталығын қамтитын «Ертіс» жобасының спутниктік сегментін одан әрі дамыту жалғасады»,- деді ол.

«Біз осы жылы бюджеттен бұл мақсатқа ақша сұрағамыз және егер республикалық бюджет комиссиясы бізге қолдау көрсетсе, онда желтоқсанда біз бейнеконференция арқылы 41 аудан орталығын Тәуелсіздік күнімен құттықтай алар едік. Өкінішке орай бұл іске аспады»,- деп жалғастырды Азамат Әбдімомынов. Сонымен қатар, оның айтуынша, холдинг аталмыш жоба аясында жеті облыс орталығында оптикалық-талшықты байланыс желілерін құру арқылы жер үсті инфрақұрылымын құруды жоспарлап отыр. «Біз 2008 жылы «Ертіске» 86 млрд теңге сұраймыз»,- деп қорытындылады «Самғау» басшысы Азамат Әбдімомынов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті