«Біз еліміздегі жоғары оқу орындарының бір бөлігін техникалық мамандықтар бойынша маман дайындауға бағыттай бастамақшымыз», — деді Ж. Түймебаев. Оның айтуынша, қазір 16 индикатор бойынша жоғары оқу орындарының заңнамаға сәйкестігі тексерілуде.
«Олар ешбір қажеттігі жоқ экономистер мен заңгерлерді дайындағаннан гөрі, жоғары сұранысқа ие дәнекерлеушілерді, құюшылар мен өндіріс менеджерлерін дайындасын», — деп мәлімдеді министр. Оның айтуынша, қазір елімізде 144 мың жұмыссыз — жоғары білім алғандар.
«Біз жоғары білім игерген мамандардың барлығы да оқу орнын тәмамдаған соң өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігіне қол жеткізгіміз келеді», — деді Ж. Түймебаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті