Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сынап құйылған контейнер №135 мектептің артқы ауласынан табылған. «Кофе салуға арналған 0,5 литрлік әйнек ыдыста 30 мл көлеміндегі сынап пен тиындар болған», — деп хабарлайды мекеме.
Құтқару ықзметінің мәліметінше, сынап құйылған контейнер полиэтилен дорбаларға салынып, жою үшін алынды. «Сынап буының концентрациясы шектеулі шамадан аспайды, халыққа қауіп төніп тұрған жоқ», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті