«Біз тек дәрігерлерді ғана жазалағандығына риза емеспіз. Денсаулық сақтау департаментіне мүлдем басқа айып тағылған, оларды әділ жазалау керек, ал ол үшін тәуелсіз тергеу жүргізілу қажет»,- деп мәлім етті ол. «Сонда ол да (Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы бастығы Н. Тасмағамбетова — Kazakhstan Today ескерт.) , бұл іске қатысы бар басқалар да, бүкіл департамент те осындай жаза алуға тиіс»,- деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының дәрігерлері індеттің нақты таралу көзін анықтау үшін ВИЧ індетін жұқтырған барлық балаларға генотиптік зерттеу жүргізуді талап етуде.
«Біз індетті жұқтыру жолын анықтау үшін ВИЧ індетін жұқтырған ата-аналарға, балаларға қалыпты генотиптік зертттеу жүргізуді талап етеміз. Республикалық СПИД орталығында ВИЧ індетін жұқтырған 87 баланың 14-іне генотиптік талдау жасалған және 13 баланың анализі Атлантаға жіберілген»,- деп атап өтті Любовь Зарифова. «Балалардың барлығы да анализ тапсыру қажет, себебі індеттің басқа да серотиптері болуы мүмкін»,- деп қосты ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті