Қазақстанда алдағы жылы ТЖМ академиясы құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда алдағы  жылы ТЖМ академиясы құрылады

Қазақстанда алдағы жылы ТЖМ академиясы құрылады

АСТАНА. 26 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстанда алдағы жылы ТЖМ академиясы құрылады. Еліміздің төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов бүгін министрлікте өткен алқа мәжілісінде осындай жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 26 Шiлде 2007
  • 471
Фото - Caravan.kz

«Біз Көкшетау училищесінің негізінде Төтенше жағдайлар министрлігінің академиясын құру жөніндегі ұсыныспен үкіметке шықтық, бұл ұсыныс қолдау тапты», — деді В. Храпунов. Оның айтуынша, жоғары оқу орны төтенше жағдайлар саласындағы барлық бағыттар мен мамандықтар бойынша мамандарды дайындайтын болады.

Министрдің айтуынша, қазір жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда. Алдағы жылы бюджеттен қосымша 2,1 млрд теңге бөлініп, ол «жаңа оқу корпусын, спорт кешені мен жатақханаларды салуға жұмсалады, нәтижесінде келешекте білім ошағының қабырғасынан жыл сайын 2 — 2,3 мың маман білім алып шықпақ».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті