Президент мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды

Президент мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 26-шілде. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 26 Шiлде 2007
  • 434
Фото - Caravan.kz

Бұл заң Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс пен «Жеке кәсіпкерлік туралы» заң нормаларын кеше қабылданған «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның жаңа редакциясымен сәйкестендіруге бағытталған.

Атап айтсақ, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік жүктеуді қарастыратын 167-ші баптың жаңа редакциясы енгізілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті