Бас прокуратура сайлау алдындағы кезеңде ағымдағы тексерулерді тоқтата тұруға шешім қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас  прокуратура сайлау алдындағы кезеңде ағымдағы тексерулерді тоқтата тұруға шешім қабылдады

Бас прокуратура сайлау алдындағы кезеңде ағымдағы тексерулерді тоқтата тұруға шешім қабылдады

АСТАНА. 26 шілде. Kazakhstan Today. Бас прокуратура сайлау алдындағы кезеңде ағымдағы тексерулерді тоқтата тұруға шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 26 Шiлде 2007
  • 341
Фото - Caravan.kz

«Қазір сайлау алдындағы кезең. Сол себепті тексерулер басты іс-қызметке кедергі келтіреді. Сондықтан да кейбір қолайсыздықтар тудырмау үшін біз сайлау қарсаңында мемлекеттік және жеке меншік құрылымдарға кешенді тексерулер жүргізуді тоқтата тұруға ұйғардық», — деді С. Нұрпейісов.

«Ал заң бұзушылықтарға келсек, егер ондай жағдайлар болған күнде құқық қорғау органдары әрдайым шара қолданады, бұл іс, әлбетте , тоқтатылмайды «, — деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті