Елбасы сыртқы істер министрімен алдағы халықаралық іс-шараларды талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы сыртқы істер министрімен алдағы халықаралық іс-шараларды талқылады

Елбасы сыртқы істер министрімен алдағы халықаралық іс-шараларды талқылады

АСТАНА. 27 - шілде. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы істер министрі Марат Тәжинмен алдағы халықаралық іс-шараларды талқылады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Шiлде 2007
  • 344
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек кездесу барысында «Әзербайжан, Иордания және Монғолия президенттерінің Қазақстанға жоспарланған сапарлары» жайлы талқыланған. Сонымен қатар, Елбасы Қырғызстанда өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысады. «Сондай-ақ Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға сапары жайлы талқыланды».

«Президент сыртқы саясат мекемесінің басшысына алдағы халықаралық іс-шараларға байланысты нақты тапсырмалар берді»,- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті