Шығыс Қазақстан облысының 400-ден астам тұрғыны полицейлердің іс-әрекеттеріне шағымданды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысының 400-ден астам тұрғыны полицейлердің іс-әрекеттеріне шағымданды

Шығыс Қазақстан облысының 400-ден астам тұрғыны полицейлердің іс-әрекеттеріне шағымданды

ӨСКЕМЕН. 27 - шілде. Kazakhstan Today. 2007 жылдың бірінші жартысында Шығыс Қазақстан облысының 433 тұрғыны Ішкі істер департаментіне полицейлердің заңсыз іс-әрекеттеріне шағым жасады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Шiлде 2007
  • 366
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 109 адамның ішкі істер бөлімдері қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне шағым жасаған, олар алдын ала анықтау, тергеу және жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру барысында заңсыз әрекеттерге барған. «Түскен барлық шағымдар бойынша тексерулер жүргізіліп, кінәлі қызметкерлер тәртіптік жауапқа тартылды»,- деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментіндегілер.

Мекеменің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Өскемен тұрғынына қатысты заңға қайшы іс-әрекеті үшін қалалық ішкі істер басқармасының екі қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылған. «Олардың әйелді қорқытып, одан ақша боспалағандығы туралы дерек расталды»,- деді баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, Ішкі істер департаментіндегілер құрылымға қолдау хаттарының да түсіп тұратындығын атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті