Қазақстанда 9-тамыздан бастап жүргізушілерді дайындау құқығына лицензия беру басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 9-тамыздан бастап жүргізушілерді дайындау құқығына лицензия беру басталады

Қазақстанда 9-тамыздан бастап жүргізушілерді дайындау құқығына лицензия беру басталады

АСТАНА. 30 - шілде. Kazakhstan Today. Қазақстанда 9-тамыздан бастап жүргізуші мамандарын дайындау құқығына лицензия беру басталады. Бұл туралы жұмада баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің басшысы Өмірзақ Түсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 30 Шiлде 2007
  • 494
Фото - Caravan.kz

«9-шы тамызда «Лицензиялау туралы» заң, соның ішінде жүргізушілер дайындау жөніндегі іс-қызметін лицензиялау күшіне енеді»,- деп еске сала кетті Өмірзақ Түсімов. «Мамырда үкімет қаулысына қол қойылған, біз (Ішкі істер министрлігі — агенттік ескертп.) осыған сәйкес бір-екі аптадан кейін жүргізуші мамандарын дайындау құқығына лицензия бере бастаймыз»,- деп қосты ол.

Жол полициясының басшысы, Ішкі істер министрлігінің «жүргізуші мамандарын дайындаудың типтік тәртібі мен оқу ұйымдары мен оқытушылық мамандарға қойылатын талаптарды анықтайтын екі стандарт» әзірлегендігін еске сала кетті. Өмірзақ Түсімовтың бұрын хабарлағанындай, оларға сәйкес жаңа ереже бойынша «В» санаты бойынша оқыту мерзімі үш айға дейін, «В-С» санаты бойынша бес айға дейін, «D» санаты бойынша сегіз айға дейін ұзартылған.

Республикамыздың жол полициясы басшысының мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде Қазақстанда жүргізушілерді дайындаумен айналысатын 1015 оқу ұйымы бар, олар тек өткен жылы жүргізуші куәлігін алуға ниет танытқан 286 мың тұлғаны дайындаған. «Оларда сабақ көбінесе төменгі деңгейде жүргізіледі, автомектептердегі жүргізушілерді дайындау сапасының ахуалына тексеру жүргізу бақылау мен осы мекемелердің басшылары тарапынан оқу процессіне, оқытушылармен әдістемелік жұмыс жүргізуге және оқу-материалдық базаны жетілдіруге қойылатын талаптың жеткіліксіздігін растап отыр»,- деп мәлім еткен болатын ертеректе комитет төрағасы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті