Семейлік кеденшілер Ресейге 1 млн теңгенің тауарларын контрабандалық жолмен алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік кеденшілер Ресейге 1 млн теңгенің тауарларын контрабандалық жолмен алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды

Семейлік кеденшілер Ресейге 1 млн теңгенің тауарларын контрабандалық жолмен алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды

СЕМЕЙ. 30-шілде. Kazakhstan Today. Семейлік кеденшілер Ресейге 1 млн теңгенің тауарларын контрабандалық жолмен алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Семей" кеден бекетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Шiлде 2007
  • 369
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Тарское ауылының маңында «Ауыл» кеден бекетінде Қазақстанның кедендік шекарасында рейд шаралары кезінде «УАЗ-3962» көлігі ұсталды. «Ресейдің Алтай аймағы Рубцовск қаласында тұратын 28 жастағы Ресей азаматы айдаған көлік Қазақстаннан Ресейге кедендіке және шекаралық бақылауды айналып өтіп бет алған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Көлікті тексеру барысында оның ішінен 4813 дана күнделікті тұтыным тауарлары , киім-кешектер шықты.

Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген тауардың нарықтық құны 1 391 604 теңге болды.

Бұл дерек бойынша «Семей» кеден бекетінің контрабандамен күрес бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 24 бабы, 3 тармағы «Қылмыс жасауға әрекеттену» және 209- бабының 1 тармағы «Экономикалық контрабанда» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті