Ақтөбе облысында Шамиль Басаевтың кассирі ұсталды- ҚР ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында  Шамиль  Басаевтың кассирі ұсталды- ҚР ІІМ

Ақтөбе облысында Шамиль Басаевтың кассирі ұсталды- ҚР ІІМ

АСТАНА. 30 шілде. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысында Шамиль Басаевтың кассирі Саидхусейн Муртазалиев ұсталды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ-нің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 30 Шiлде 2007
  • 453
Фото - Caravan.kz

«Өткен аптада Ақтөбе облыстық ІІД-нің криминалдық полициясының экстремизммен, сепаратизммен және лаңкестікпен күрес бөлімінің қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларының барысында Томск облыстық ІІБ бопсалаушылық қылмыстары үшін іздестіріп жатқан, палач деген лақап есіммен белгілі Саидхусейн Муртазалиевті ұстады, ол Шамиль Басаевтың кассирі болған», — деді Б.Қожахметов.

«Ол Солтүстік Кавказдағы заңсыз заңсыз қарулы жасақтардың белсенді мүшесі болған», — деді баспасөз хатшысы. Қазір тұтқын Ақтөбе облыстық уақытша тергеу абақтысында экстрадиция алдында қамауда отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті