Алматыда 13 кг марихуанамен қала тұрғыны ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 13 кг марихуанамен қала тұрғыны ұсталды

Алматыда 13 кг марихуанамен қала тұрғыны ұсталды

АЛМАТЫ. 30 - шілде. Kazakhstan Today. Алматыда 13 кг марихуанамен қала тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Шiлде 2007
  • 391
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері 7-ші ықшамаудандағы бір үйдің ауласынан Алматының 48 жастағы тұрғынын құрықтаған. Одан 13 кг астам марихуана табылған.

Баспасөз қызметіндегілердің түсіндіруінше, ұсталған азаматтың үстінен ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз сақтау және сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, соңғы тәулікте тағы екі есірткі сатушы ұсталып, оларлдан 2,77 грамм героин тәркіленген. Ұсталған екеу- 26 жастағы қыз бен 25 жастағч жігіт — уақытша тергеу изоляторына қамалған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті