«Мәслихат депутаттығына 51 үміткер өзінің кандидатурасын қайтарып алды. Тағы үш үміткерді тіркеуден бас тартылды»,- деді Қуандық Тұрғанқұлов.
Бұрын хабарлағанымыздай, мәслихат депутаттығынан үміткер ретінде ат ұсынған 9128 адамның 8744-і тіркелген. Олардың 1609 — облыстық, Астана және Алматы қалаларының мәслихатына үміткерлер, 5344 — аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер, 1791 — қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті