«Бүгін Қазақстан Республикасындағы парламент сайлауы жөніндегі ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы миссиясының басшысы — елші Любомир Копаймен кездесу өтті»,- деп хабарлады Қуандық Тұрғанқұлов.
Ол, кездесу барысында сайлау науқанының барысы талқыланғандығын, сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының миссиясымен өзара ықпалдастық мәселелері жөніндегі пікірлерін алмасқандығын атап өтті.
«ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы миссиясының қазіргі уақытта әзірле жатқан алдын ала есеп беруі объективті және бір жақты емес болады деген үміттеміз»,- деп қорытындылады Қуандық Тұрғанқұлов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті