Алматыда Түркия азаматына қарақшылық шабуыл жасаған қаланың бір ЖШС-нің үш қауіпсіздік қызметкері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Түркия азаматына қарақшылық шабуыл жасаған қаланың бір ЖШС-нің үш қауіпсіздік қызметкері ұсталды

Алматыда Түркия азаматына қарақшылық шабуыл жасаған қаланың бір ЖШС-нің үш қауіпсіздік қызметкері ұсталды

АЛМАТЫ. 31 - шілде. Kazakhstan Today. Алматыда Түркия азаматына қарақшылық шабуыл жасаған қаланың бір ЖШС-нің үш қауіпсіздік қызметкері ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 31 Шiлде 2007
  • 409
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, қару қолдана отырып тонау туралы ақпарат жедел басқару орталығына түн ортасында келіп түскен. «Боран-081″ патрульдық экипажы шабуыл жасаушылардың бірі күртешесінің қалтасынан карабин алып шығып, онымен қорқыта отырып жәбірленушіні ақша салынған әмиянын беруге мәжбүр еткен кезінде келіп жеткен»,- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, істің мән-жайын анықтай келе шабуыл жасаушылар қаланың бір ЖШС қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері екендігі белгілі болды, деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті