Ақтөбе облысында мыңға жуық елтіріні Ресейге шығаруға бағытталған контрабандалық әрекеттің жолы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында  мыңға жуық елтіріні Ресейге шығаруға бағытталған  контрабандалық әрекеттің жолы кесілді

Ақтөбе облысында мыңға жуық елтіріні Ресейге шығаруға бағытталған контрабандалық әрекеттің жолы кесілді

АҚТӨБЕ. 31 - шілде. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысында мыңға жуық елтіріні Ресейге шығаруға бағытталған контрабандалық әрекеттің жолы кесілді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ақтөбе облыстық кедендік бақылау департаментінен хабарлады.

  • 31 Шiлде 2007
  • 385
Фото - Caravan.kz

Кедендік бақылау департаментінің ақпараттарына сүйенсек, Мәртөк ауданының Жайсан теміржол станциясының кеденшілері Алматы — Мәскеу бағытындағы жолаушылар поезының бір вагонынан төбеаралық қуысынан өңделген терілер тапқан. Жүктің иесі — жолсерік тауар құжаттары мен оны алып жүруге рұқсат беретін құжатты көрсете алмаған. «Тәркіленген терінің жалпы саны 920-ға жетеді»,- деп түсіндірді кеденшілер.

Қазіргі уақытта аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209-бабы бойныша (экономикалық контрабанда) қылмыстық іс қозғалды. «Күдікті тауарды қайда апара жатқандығын, сонымен қатар тәркіленген терінің жалпы бағасы тергеу барысында анықталады»,- деп атап өтті кедендік бақылау департаментіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті