Оңтүстік Қазақстан облыстық жол полициясы басқармасының жаңа басшысы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облыстық жол полициясы басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облыстық жол полициясы басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

ШЫМКЕНТ. 1 тамыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облыстық жол полициясы басқармасының жаңа басшысы тағайындалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Тамыз 2007
  • 479
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 31 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің төрағасы Хибратулла Досқалиевтің бұйрығымен облыстық жол полициясы басқармасының жаңа басшысы тағайындалды. Бұл қызметке бұған дейін облыстық жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары болған 39 жастағы Мұхтар Қожабаев бекітілді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД жол полициясы басқармасын 2007-жылдың ақпан айынан бері басқарған Мейрамбек Шәкенов 29-маусымда алаяқтық және лауазымдық құзырын асыра пайдалану жөніндегі күдіктермен ОҚО ІІД-нің ғимаратында тұтқындалған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті