Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 1942 жылы шығарылған РГД-42 жарылғыш құрылғысын полицейлер қала шетіндегі Ясное аулының 47 жасар тұрғынының көлікжайынан тапқан. «Қазіргі уақытта аталмыш дерек бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр, сонымен қатар қылмыстық іс қозғау туралы мәселе де шешілуде»,- деп хабарлады Ішкі істер департаментінен.
Сондай-ақ департаменттегілердің хабарлауынша, ақтөбелік полицейлер «Қару» жедел-профилактикалық іс-шара аясында бірінші күні төрт заңсыз қару сақтау дерегін, сонымен қатар бір газ тапаншасын өз еркімен өткізу дерегін тіркеген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті