2007 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,9% құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,9% құрады

2007 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,9% құрады

АСТАНА. 1-тамыз. Kazakhstan Today. 2007 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,9% құрады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР Статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

  • 1 Тамыз 2007
  • 385
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, мекеменің хабарлауынша, өткен айда азық-түлік тауарлары рыногында ет және ет өнімдері бағасы 2%-ға, ал жылқы етіне — 4%-ға, құс етіне — 3,4%-ға, сиыр мен қой етіне — 2,4%-дан, шұжық өнімдеріне — 1%-ға өсті. Қант бағасының өсімі 2,1%, балык және теніз өнімдерге — 1,1%, нан мен жарма өнімдерге — 0,4%, жеміс және көкөністерге — 0,1% құрады. Жұмыртқа бағасының деңгейі — 4,6%-ға, сүт өнімдерінің — 0,1%-ға төмендеді.

Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның едәуір өсуі құрылыс материалдарына 12,7%-ға және бензинге — 6,2%-ға байқалды. Киім және аяқкиім, кітаптар мен газеттер 0,4%-дан, үй тұрмысында пайдаланылатын заттар, жеке гигиена тауарлар, дәрі дәрмектер — 0,5%-дан, жуу және тазалау құралдары 0,9%-ға қымбаттады.

Ақылы қызметтер саласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасы мен тарифтері 1,6%-ға өсті. Газбен жабдықтау төлемақысы — 2,9%-ға, қоқыс жинау — 1,6%-ға, тұрғын үйді күтіп ұстау қызметтерінің төлемақысы — 1,2%-ға, оны жөндеуге — 2,2%-ға өсті. Денсаулық сақтау мекемелері қызметтерінің бағасы 1,2%-ға, мектепке дейін және бастауыш білім беру қыметтеріне — 1%-ға, мәдениет және демалыс қызметтеріне — 0,6%-ға, жолаушылар көлігінде — 0,3%-ға өсті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті