2007 жылдың шілдесінде азық-түлік тауарларының бағасы 2006 жылдың шілдесімен салыстырғанда 9%-ға өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылдың шілдесінде азық-түлік тауарларының бағасы 2006 жылдың шілдесімен салыстырғанда 9%-ға өсті

2007 жылдың шілдесінде азық-түлік тауарларының бағасы 2006 жылдың шілдесімен салыстырғанда 9%-ға өсті

АСТАНА. 1-тамыз. Kazakhstan Today. 2007 жылдың шілдесінде азық-түлік тауарларының бағасы 2006 жылдың шілдесімен салыстырғанда 9%-ға өсті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР Статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

  • 1 Тамыз 2007
  • 406
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, тұрақты өткізіліп тұратын азық-түлік тауарлары бағасының деңгейін байқаудың материалдары 2006 жылдың тиісті айымен салыстырғанда ағымдағы жылдың шілдесінде жаңа жиналған көкөністер бағасының — 26%-ға, жемістер бағасының — 10,2%-ға өскенін көрсетті. Ет және ет өнімдері аталған кезеңде 13,3%-ға қымбаттады. Құс, қой, сиыр және жылқы еті бағасының деңгейі 16-18%-ға, шұжық өнімдері — 6,4%-ға, шошқа еті — 5,3%-ға, өсті. Жұмыртқа бағасы 11,1%-ға, сүт өнімдерге — 10%-ға, сары майға — 5,5%-ға өсті.

Нан және жарма өнімдері бағасының өсімі 7,1% құрады. Нан 9,3%-ға, күріш- 8,3%-ға, жарма 7,6%-ға, ұн — 5,2%-ға қымбаттады. Бағаның өсуі балық және теңіз өнімдерге — 12,7%-ға, кондитерлік өнімдерге — 4,8%-ға, ал төмендеуі қантқа 8%-ға байқалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті