Жамбыл облысында 305 кг марихуанамен Алматы облысының тұрғыны ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында 305 кг марихуанамен Алматы облысының тұрғыны ұсталды

Жамбыл облысында 305 кг марихуанамен Алматы облысының тұрғыны ұсталды

АСТАНА. 1 тамыз. Kazakhstan Today. Жамбыл облысының Шу ауданында 305 кг марихуанамен Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымын қадағалау комитетінен хабарлады.

  • 1 Тамыз 2007
  • 402
Фото - Caravan.kz

Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, 30 шілдеде Рысқұлов ауданында желілік ішкі істер басқармасының есірткімен күрес бөлімінің қызметкерлері 39 жастағы Алматы облысының тұрғынын 305 кг марихуанамен ұстады. Ұсталған уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Бұған қоса, комитет ақпараты бойынша кеше «Мак» шарасы барысында тәртіп сақшылары Шу ауданында 35 жастағы еркекті ұстады. «Одан 67 килограмм есірткі табылып тәркіленді. Сараптама оның марихуана екенін көрсетті. Қазіргі жағдаймен күдікті қылмысын мойындап, уақытша тергеу абақтысына қамалды», — деп хабарлайды тәртіп сақшылары.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті