Алматыда "Қару" жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілген екі тәулікте 5 қару және 600 жуық оқ тәркіленген - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Қару" жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілген екі тәулікте 5 қару және 600 жуық оқ тәркіленген

Алматыда "Қару" жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілген екі тәулікте 5 қару және 600 жуық оқ тәркіленген

АЛМАТЫ. 1 - тамыз. Kazakhstan Today. Алматыда "Қару" жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілген екі тәулікте заңсыз сақталған бес қару, оның үшеуі атыс қаруы және шолақ мылтықтың 594 оғы тәркіленген. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Тамыз 2007
  • 709
Фото - Caravan.kz

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, тек соңғы тәулікте заңсыз қару сақтау мен алып жүруге қатысты бес дерек тіркелген. Атап айтқанда, Алмалы ауданында жедел қызметкерлер қаланың 29 жастағы тұрғынын құрықтаған, одан әскери оқ ату үшін қайта жасалған «Домино» газ тапаншасы тәркіленген.

«32 жастағы Алматы тұрғынынан «Белка» атты қосауыз аңшы мылтығы табылған. Жетісу ауданында жедел қызметкерлердің көзіне 22 жасар жігіт түскен, оған тінту жүргізу кезінде 12 мм калибрлі шолақ мылтық тәркіленді»,- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ «олардың барлығынан қолхат алынған».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті