Қазақстандағы сайлау науқаны "ҚР сайлау туралы" конституциялық заңға сәйкес өтуде - ТМД бақылаушылар миссиясының штаб басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы сайлау науқаны "ҚР сайлау туралы" конституциялық заңға сәйкес өтуде - ТМД бақылаушылар миссиясының штаб басшысы

Қазақстандағы сайлау науқаны "ҚР сайлау туралы" конституциялық заңға сәйкес өтуде - ТМД бақылаушылар миссиясының штаб басшысы

АСТАНА. 1-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстандағы сайлау науқаны "Қазақстан Республикасының сайлау туралы" конституциялық заңға сәйкес өтуде. Мұндай пікірін бүгін өткен баспасөз мәслихатында ТМД бақылаушылар миссиясының штаб басшысы Евгений Слобода мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 1 Тамыз 2007
  • 587
Фото - Caravan.kz

«Жалпы, бақылаушылардың бағалауы бойынша, сайлау науқаны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңға сәйкес тыныш басталып, алаңсыз өтіп жатыр. Саяси партияларды тіркеу саяси пікір алуандығы жағдайында жариялылық, айқындық, баламалылық және бәсекелестік қағидаларын ұстанумен өтті», — деді Е. Слобода, ТМД миссиясының алғашқы аралық есебінің қорытындысын таныстыра отырып.

«Сайлау комиссиясы мен билік органдары өздерінің құзіреті аясында қажетті шараларды қабылдап, ашық және демократиялық сайлау өткізуге жағдай жасады»,- деп атап көрсетті ол.

ТМД миссиясының пайымдауынша, барлық партияларға партия тізіміне тіркелуге бірдей мүмкіндік беріліп, үгіт- насихат жұмыстарын жүргізуге барлығына да бірдей жағдай жасалған.

Сонымен қатар, бақылаушылар Орталық сайлау комиссиясының сайлау жүргізуге, атап айтқанда аймақтық сайлау комиссияларының іс-қызметін қамтамасыз ету мәселелерінде жасап жатқан «үлкен ұйымдастырушылық-техникалық жұмысты» да атап өтті.

Сонымен қатар, Е. Слобода «жекелеген кемшіліктердің де тіркелгендігін» тілге тиек етті. Бұл «материалдарды шығарған ұйым туралы, оларды басып шығарған жер, данасы, тапсырыс берген тұлға және тапсырысты төлеу қаржысы туралы мәліметтер көрсетілмеген астыртын насихат парақтарын арнайы емес жерлерге ілу» болып табылады.

Қазақстандағы ТМД миссиясынан 329 бақылаушы аккредитацияланған. Олар Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, сонымен қатар ТМД Парламентаралық ассамблеясынан.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті