«Сотталғандардың кінәсі толық дәлелденген, Әл-Фараби аудандық сотының үкімін өзгеріссіз қалдыруыңызды сұраймын. Аталмыш үкім басқаларға үлкен сабақ болады деп ойлаймын»,- деді Оңтүстік Қазақстан облысының балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру туралы істе сотталған 15 дәрігердің апелляциялық шағымын қарап жатқан облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасында сөз алған прокурор Берік Қайыпов.
Прокурор өз сөзінің басында апелляцияға берген он бес дәрігердің аты-жөнін атап өтті, бірақ одан әрі олардың қайсыбірі туралы және әрбір сотталғанның кінәларын дәлелдеу туралы ауыз ашпады. Берік Қайыпов куәгерлердің берген жауаптарын, тексерулердің, сараптамалардың және тағы басқалардың қорытындыларын оқи келе, қалалық балалар ауруханасындағы медициналық қызмет көрсетудің қанағаттанарлық жағдайда емес екендігі туралы тілге тиек етті. Сөзінің аяғында адвокаттардың бірі өздерінің «апелляциялық шағымдарында келтірілген дәлелдерге қандай да бір жауап күткенін, бірақ үкімнің бір жұрнағын естігенін» атап өтті.
Прокурор сөзін аяқтағаннан кейін алқа төрағасы Әділ Керимшеев алқа отырысы 3-тамыздың 17 сағатына дейін үзіліс жариялайтындығын айтты. «Алқа шешімі сонда жарияланады»,- деп қосты ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті