Байқоңырдан "Прогресс М-61" жүк кемесі мен "Союз-У" зымыран тасығышы ұшырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан "Прогресс М-61" жүк кемесі мен  "Союз-У" зымыран тасығышы ұшырылды

Байқоңырдан "Прогресс М-61" жүк кемесі мен "Союз-У" зымыран тасығышы ұшырылды

БАЙҚОҢЫР. 3 тамыз. Kazakhstan Today. Байқоңыр ғарыш айлағынан "Прогресс М-61" жүк кемесі мен "Союз-У" зымыран тасығышы табысты ұшырылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 3 Тамыз 2007
  • 424
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, 2 тамызда Астана уақытымен 23 сағат 32 минутта №1 алаңнан «Прогресс М-61» жүк кемесі мен «Союз-У» зымыран тасығышы ұшырылды. Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, зымыран тасығыш пен ұшырылым кешенінің ұшырылым алдындағы дайындығы кестеге сәйкес өтіп, ұшырылым қалыпты режимде дәл белгіленген уақытта жүзеге асырылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Прогресс М-61» жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына борт компьютерлерінің жабдықтары мен негізгі жүк болып саналатын азық-түлік, ғылыми жабдықтар мен отын жеткізуге тиіс.

«Прогресс М-61» жүк кемесі мен «Союз-У» зымыран тасығышы 2-тамызда Астана уақытымен 21 сағат 32 минутта (Мәскеу уақытымен 19 сағат 32 минут) ұшырылады деп межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті