Мемлекеттік қажеттілік деген желеумен жерді тәркілеуді тоқтату үшін жемқорлыққа белшесінен батқан шенеуніктерді "түрмеге жөнелту" керек, деп санайды ҚХКП басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік қажеттілік деген желеумен жерді тәркілеуді тоқтату үшін жемқорлыққа белшесінен батқан шенеуніктерді "түрмеге жөнелту" керек, деп санайды ҚХКП басшысы

Мемлекеттік қажеттілік деген желеумен жерді тәркілеуді тоқтату үшін жемқорлыққа белшесінен батқан шенеуніктерді "түрмеге жөнелту" керек, деп санайды ҚХКП басшысы

АСТАНА. 3 - тамыз. Kazakhstan Today. Мемлекеттік қажеттілік деген желеумен жер телімдерін заңсыз тәркілеуді тоқтату үшін жемқорлыққа белшесінен батқан шенеуніктерді "түрмеге жөнелту" керек, деп санайды Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясының басшысы Владислав Косарев.

  • 3 Тамыз 2007
  • 716
Фото - Caravan.kz

«Менің пайымдауымша, таза сыбайлас жемқорлық жүріп жатыр. Жер, жер телімдері мемлекеттік қажеттілік үшін деген желеумен сатып алынғанымен, шындығында олар жеке меншікке кетіп жатыр… мұндай құрылыс салуға жол берген бірнеше шенеунікті түрмеге жөнелту қажет, бұл іс тек сонда ғана тоқтайды»,- деп мәлім етті интернет-мәслихат аясындағы сұрақтарға жауап бере отырып Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясының орталық комитетінің бірінші хатшысы. «Бізде әзірге барлығы сөз байласумен, орындылық ыңғайына қарай және әлгі адамды орнын алу немесе басқа қызметке тағайындаумен ғана шектелуде»,- деп қосты ол.

Интернет — мәслихат барысында В. Косарев өзінің басқаратын партиясының сайлау алдындағы платформасы туралы айтып, саяси бірлестіктің гендерлік және жас құрамына қатысты сұрақтарға жауап берді, партия парламент мәжілісіне сайлауда жеңіске жеткен жағдайда жүзеге асыруға тырысатын әлеуметтік жобалары туралы айтып өтті.

Атап айтқанда, жеңіске қол жеткізген жағдайда коммунистер зейнетақы төлемдерінің жүйесін өзгертуді жоспарлап отыр. «Үкіметте зейнетақыны өсіруде белгілі бір тұспалы ғана бар. Ал біздің пайымдауымызша, зейнетақыны үкіметтің «бәленнен бәленге дейін» деп бекіткен шекте ғана емес, еңбек үлесі мен өтіліне қарай алу керек»,- деді В. Косарев.

Сонымен қатар, ҚХКП Ұлы Отан соғысына қатысқандарды мемлекеттік толық қамтамасыз етуін қолдайды. «Бүгінде соғысқа қатысқандар мен ардагерлердің саны айтарлықай көп те емес, ал еліміздің осы адамдарды мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне мүмкіндігі бар. Ұзын сөздің қысқасы, әрбір соғысқа қатысушылар, соғыс ардагерлері мен мүгедектерін ауыртпалықтан, науқастан қорғай отырып, алақанда ұстау қажет. Мемлекетте мұндай мүмкіндік бар»,- деді В. Косарев.

Сонымен қатар, ҚХКП партиясының басшысы партияның әлеуметтік жобаларын жария ете отырып, оларды жүзеге асыру үшін «билікке өту керек», деп атап көрсетті. «Менің пайымдауымша, біз парламентке өтуіміз қажет, осыдан кейін зейнетақыны санаймыз»,- деді ол.

В. Косарев сондай-ақ, оның партиясы халықтың билігін және Қазақстанда халықтық республиканы құруды қолдайтындығын мәлім етті. «Біз халық билігін кеңейтуге және Қазақстан Халық Республикасын құруға қол жеткіземіз»,- деді ол. «Халықтың билік құруы — бұл халықтың конституциямен мемлекет ісін басқаруы»,- деп түсіндірді В. Косарев. Ол, қазірде «билік органдарында қарапайым адамдар жоқтың қасы» деді. ҚХКП басшысы «халық республикасы» түсінігіне «мемлекетті халықтың шынайы өкілдері басқаратын социалистік құрылымның бейнесін қамтиды».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті