Бас прокуратураға Орталық Сайлау комиссиясынан президент тарапынан "Нұр Отан" партиясының пайдасына насихаттаудың заңсыздығы туралы шағым түскен жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокуратураға Орталық Сайлау комиссиясынан  президент тарапынан "Нұр Отан" партиясының пайдасына насихаттаудың заңсыздығы туралы  шағым түскен жоқ

Бас прокуратураға Орталық Сайлау комиссиясынан президент тарапынан "Нұр Отан" партиясының пайдасына насихаттаудың заңсыздығы туралы шағым түскен жоқ

АСТАНА. 3 - тамыз. Kazakhstan Today. Бас прокуратураға Орталық Сайлау комиссиясынан президент тарапынан "Нұр Отан" партиясының пайдасына насихаттаудың заңсыздығы туралы шағым түскен жоқ. Бұл туралы кеше журналистердің сұрақтарына жауап берген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 3 Тамыз 2007
  • 439
Фото - Caravan.kz

«Бізге Орталық Сайлау комиссиясының президент Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан «Нұр Отан» партиясының пайдасы үшін насихаттаудың заңсыздығы туралы шағымы түскен жоқ»,- деді Сапарбек Нұрпейісов.

Оның түсіндіруінше, сайлау алдындағы науқан барысында қандай да бір істің заңдылығына күдік туған жағдайда «Орталық сайлау комиссиясы бізге (Бас прокуратураға — Kazakhstan Today агенттігінің ескертпесі) жүгінеді, себебі заңнаманың нақты бір нормасын қолдану құқық қорғау органдары мен сот құзырына жатады».

«Бүгінгі күнге дейін бізге мұндай шағым түскен жоқ»,- деп тағы да атап көрсетті Сапарбек Нұрпейісов. Ол республика президентінің лауазымды тұлға ретінде қандай да бір партияның пайдасы үшін насихат жүргізуін заңды деп санайсыз ба деген сұрағына Бас прокуратураның өкілі «қолда ешқандай материал жоқ кезде, оларды зерделемей тұрып, мен ештеңе мәлімдеп, қандай да бір қорытынды шығара алмаймын» деп жауап берді.

«Жеке өз басым оның қалай насихат жүргізетіндігін естіген де емеспін, көрген де емеспін (Нұр Отан партиясы үшін — Kazakhstan Today агенттігінің ескертпесі)»,- деп қорытындылады Сапарбек Нұрпейісов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті