Тыңшы деп айыпталған Қырғызстан парламентінің қызметкеріне тағайындалған кідірту шарасын өзгертуден бас тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тыңшы деп айыпталған Қырғызстан парламентінің қызметкеріне тағайындалған кідірту шарасын өзгертуден бас тартылды

Тыңшы деп айыпталған Қырғызстан парламентінің қызметкеріне тағайындалған кідірту шарасын өзгертуден бас тартылды

БІШКЕК. 3 - тамыз. Kazakhstan Today. Бішкек қалалық соты мемлекетін сатты деп айыпталған Жыпаркүл Арықоваға тағайындалған кідірту шарасын өзгертуден бас тартты. Бұл туралы кеше журналистерге оның адвокаты Айжан Қасымқалиева мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 3 Тамыз 2007
  • 403
Фото - Caravan.kz

«Ж. Арықова мүлкін тәркілеумен 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын ауыр қылмысқа айыпталып отыр»,- деп түсіндірді Айжан Қасымқалиева.

Адвокат, Ж. Арықова — үш жасар баласы бар жалғыз басты ана, ал айыпкердің анасы екінші топтағы мүгедек болып табылатындығын, атап көрсетті. А. Қасымқалиеваның айтуынша, парламенттің баспасөз қызметінің қызметкеріне кепілдік беруші депутат Рахатбек Исралиев пен бұрынғы әріптестері Ж. Арықоваға тек жақсы сипаттама беруде, бірақ бұл қалалық соттың шешіміне ешқандай әсер етпей отыр.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қырғызстан парламентінің баспасөз қызметінің аға кеңесшісі Ж. Арықова үстіміздегі жылдың маусымында қытайлық дипломатқа құпия мәліметтер беру кезінде ұсталған болатын. Ж. Арықова содан бері қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында қамауда отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті