«Жыл сайын республикалық бюджеттен ауылшаруашылығы секторын дамытуға біздің есептеуімізше әжептәуір қаржы бөлінеді, ал қазір 2008-жылға қаралып жатқан бюджет жобасында бұл қаржының көлемі абсолюттік және проценттік арақатынаста бұдан да арта түседі», — деді К. Мәсімов. «Ауылшаруашылығы министрі екеуіміз экономиканың бұл саласы Қазақстандағы ең бір серпінді сала бола алады деп пайымдаймыз», — деді премьер.
«Сонымен бірге біз еліміз өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетін арттыру үшін жеке меншік сектордың да ауылшаруашылығын дамытуға жұмсайтын қаржысының көлемін арттыра түсуге, ең бастысы, саладағы еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыруға тиіспіз», — деді премьер-министр.
Оның пікірінше, Астанада өткізіліп жатқан ауылшаруашылығы жәрмеңкесі «сала мамандарының түрлі бағыттардағы күш-жігерлері мен мүдделерін топтастыруға түрткі болумен бірге, аймақаралық байланыстарды пәрмендендіруге, аймақтар арасындағы тауар ағынын өсіруге, ақырғы нәтижесінде ішкі азық-түлік өнімдері нарығындағы импортты алмастыруға септігін тигізуге тиіс».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті