Ақтөбеде сәулет-құрылыс инспекциясының қызметкері пара алған сәтте ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде сәулет-құрылыс инспекциясының қызметкері пара алған сәтте  ұсталды

Ақтөбеде сәулет-құрылыс инспекциясының қызметкері пара алған сәтте ұсталды

АҚТӨБЕ. 3 тамыз. Kazakhstan Today. Ақтөбеде сәулет-құрылыс инспекциясының қызметкері 500 АҚШ доллары көлемінде пара алған сәтте ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінен хабарлады.

  • 3 Тамыз 2007
  • 499
Фото - Caravan.kz

Қаржы полицейлерінің ақпаратына сәйкес, департаментке келіп көмек сұраған кәсіпкер сәулет-құрылыс инспекциясының қызметкері өзінен құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге «кедергісіз және тез арада» лицензия алу үшін пара бопсалауда деп хабарлаған.

«Біз шұғыл-іздестіру шараларын жүзеге асыра отырып, 500 доллар көлемінде пара алып жатқан сәтте қалалық сәулет-құрылыс инспекциясының лицензия беру бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы 40 жастағы қызметкерді ұстадық», -деп хабарлайды қаржы полициясындағылар.

Пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұтқын тергеу абақтысына қамалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті