Қазақстанның президенті Алматыда жаңа жол айрығын ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның президенті Алматыда жаңа жол айрығын ашты

Қазақстанның президенті Алматыда жаңа жол айрығын ашты

АЛМАТЫ. 3 - тамыз. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Сейфуллин көшесінің бойында Сәтпаев пен Әл-Фараби көшелерін қосатын жаңа жол айрығын ашты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 3 Тамыз 2007
  • 378
Фото - Caravan.kz

«Мен Алматыға ерекше назар аударамын, мемлекеттік бюджеттен жеткілікті ақша бөлінгендігін қадағалаймын. Өткен жылы мемлекеттік бюджеттен қаланың шығысына 67 млрд теңге бөлген, бұл шығыстардың 25 пайызы. Келесі жылы 80 млрд теңге бөлінеді, яғни бюджет шығысының 30 пайызы мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. Және қаланың өзі де табыс табады, олар үстіміздегі жыл мен келесі жылы 10 жол айрығын салуға мүмкіндік береді, оның 6-ы орталық мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады»,- деді Н. Назарбаев.

Ол, Сәтпаев пен Әль-Фараби көшелеріндегі жол айрығы жеке инвесторлар есебінен салынғандығын атап көрсетті. «Осының барлығын әкімшілік ұсымдастырып отыр». «Егер қандай да бір нысан салғың келсе, адамдардың әлеуметтік жағдайын да ұмытпа: осы нысан салатын жерде жол айрығын сал, адамдардың өмір сүру жағдайын жақсарт. Осы қағидамен осындай бірінші нысан салынды және де бұл өте дұрыс»,- деп атап көрсетті президент.

6 қатарлы жаңа жолдың айтарлықтай бөлігі Тимирязев көшесі мен Әл-Фараби даңғылының астымен өтетін арнайы туннельдер арқылы өтеді, оның ұзындығы тиісінше 27 және 40 метрді құрайды. Магистральдің жаңа бөлігінің жалпы ұзындығы 2,2 шақырымды құрайды.

Жолды салу барысында жаңа инженерлік коммуникация — су құбыры, жылу желісі, кәріз жүйесі мен газ құбыры салынды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті