Қордың активтерін конвертациялау және қайта конвертациялау ережесіне сәйкес Ұлттық банк 2007 жылғы тамыз айы ішінде Қордың ақшасын одан әрі инвестициялау мақсатында осы соманы рұқсат етілген қаржы құралдарына айырбастауды жүзеге асырады. Айырбастау Ұлттық банктің алтынвалюта активтерінен шетел валютасын немесе шетел валютасындағы қаржы құралдарын Ұлттық банктің операциялар жүргізу күнгі ресми бағамы бойынша сату не шетел валютасын ішкі нарықта операциялар жүргізу сәтінде қалыптасқан бағам бойынша теңгемен сату арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ретте Қордың шотына теңгемен түскен түсімдер бір ай ішінде кепілдік берілген трансферттің бекітілген көлеміне сәйкес ағымдағы айдың соңында немесе келесі айдың басында жүзеге асырылатын кепілдік берілген трансферттер түріндегі Қордың шығыстары үшін жеткілікті сома жинақталғанға дейін айырбасталмайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті