Оқыс оқиға кеше Мұқыр ауылына таяу жерде болған. Бес адам жүзуге арнап жабдықталмаған жерде суда жүзіп жүрген. Олардың біреуі суға кете бастағанда қалғандары оған көмекке ұмтылған. Соның салдарынан үш ересек адам мен 12 және 15 жастағы екі жасөспірім суға батып кетті. Олардың мәйіттерін жергілікті тұрғындар судан шығарып алды.
Жалпы алғанда ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпаратына сәйкес, еліміздегі су қоймаларында өткен тәулікте он адам суға батып кетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті