Кришнаиттерге Алматыдан шіркеу салу үшін жер телімін бөлуден бас тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кришнаиттерге Алматыдан шіркеу салу үшін жер телімін бөлуден бас тартылды

Кришнаиттерге Алматыдан шіркеу салу үшін жер телімін бөлуден бас тартылды

АЛМАТЫ. 6 - тамыз. Kazakhstan Today. Кришнаиттерге Алматыдан шіркеу салу үшін жер телімін бөлуден бас тартылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне діни қауымның өкілдері қаланың жер қатынастар басқармасының бас маманы А. Нукушевтың телефонмен сөйлескен әңгімесіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

  • 6 Тамыз 2007
  • 423
Фото - Caravan.kz

Кришнаиттердің ақпараттарына сүйенсек, басқарма қызметкері оларға шешімнің жер комиссиясының 12-шілдедегі отырысында қабылданғандығын хабарлаған. «Общество сознания Кришны» діни ұйымына діни ғимарат салу үшін жер телімін бөлуден бас тартылған. Бас тартудың себебі — Алматыда бос жер телімдерінің жоқтығы»,- деді діндарлар.

Сонымен қатар қауымның өкілдері, 2007 жылдың наурызында Венада өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның отырысында қазақстандық өкілдердің басшысы Болат Байқадамов, «Общество сознания Кришны» діни ұйымына Алматыдан шіркеу салу үшін, сонымен қатар Алматы облысынан 30 сиырды бағу үшін жер телімі бөлінеді, деп мәлім еткен болатын. «Бүгінде, Вена қаласындағы мәлімдемеден кейін төрт ай өтсе де Қазақстанның билік өкілдерінің берген уәделері орындалмай отыр»,- деді кришнаиттар.

Естеріңізге сала кетейік, кришнаиттер қауымына қатысты дау-жанжал 2004 жылдан бері жалғасуда. 2006 жылдың қарашасында Алматы облысының Қарасай ауданының басшылары діндарлардың 14 үйін бұзған болатын, ал 2007 жылдың 15-маусымында тағы 12 үй бұзылып, 47 гектар жер ауданның жер қорына тәркіленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті