Алдын-ала болжам бойынша, Ақтөбе облысындағы 15 адам қайтыс болған жол-көлік оқиғасына "Жигулидің" мас жүргізушісі кінәлі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдын-ала болжам бойынша, Ақтөбе облысындағы 15 адам қайтыс болған жол-көлік оқиғасына "Жигулидің" мас жүргізушісі кінәлі

Алдын-ала болжам бойынша, Ақтөбе облысындағы 15 адам қайтыс болған жол-көлік оқиғасына "Жигулидің" мас жүргізушісі кінәлі

АҚТӨБЕ. 6 - тамыз. Kazakhstan Today. Алдын-ала болжам бойынша, Ақтөбе облысындағы 15 адам қайтыс болған жол-көлік оқиғасына "Жигулидің" мас жүргізушісі кінәлі. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттен хабарлады.

  • 6 Тамыз 2007
  • 434
Фото - Caravan.kz

«Алдын ала болжам бойынша, Ақтөбе облысындағы 15 адам қайтыс болған жол-көлік оқиғасына кінәлі көлікті мас күйінде жүргізген «Жигулидің» жүргізушісі болып отыр»,- деп хабарлады департаменттегілер. Сонымен қатар, жүргізуші көлікті жүргізуші куәлігінсіз айдап жүрген.

Бұрын хабарлағанымыздай, жол апаты сенбі күні кешке Ақтөбе — Астрахань тас жолының 98-ші шақырымында болған. «ВАЗ-2110» көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, Ақтөбе — Шұбарқұдық бағытында кетіп бара жатқан «ГАЗель» жүргізушілер көлігімен соғылған»,- деді баспасөз қызметіндегілер. Апат салдарынан «ГАЗель» жолдың шетіне аунап, өртеніп кеткен. Микроавтобустағы 18 адамның 15-і, соның ішінде бір емшектегі бала оқиға болған жерде қайтыс болған. Тағы бес адам әртүрлі деңгейдегі күйікпен ауруханаға жеткізілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті