2008 жылы парламентке сайлау заңнамасына енгізілетін түзетулер жобасы енгізіледі - ОСК - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008 жылы  парламентке сайлау заңнамасына енгізілетін түзетулер жобасы енгізіледі - ОСК

2008 жылы парламентке сайлау заңнамасына енгізілетін түзетулер жобасы енгізіледі - ОСК

АСТАНА. 6 тамыз. Kazakhstan Today. 2008 жылы парламентке сайлау заңнамасына енгізілетін түзетулер жобасы енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов дипломатиялық миссиялар мен халықаралық байқаушылар өкілдеріне арналған брифингте құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Тамыз 2007
  • 363
Фото - Caravan.kz

«2007-жылғы парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша жан-жақты талдау жүргізіп, бұған дейінгі ұсыныстар мен 2007-жылғы сайлаулар бойынша болуы мүмкін нұсқауларды ескере отырып 2008-жылы «Сайлау туралы» конституциялық заңға енгізілетін түзетулердің жобасын парламентке енгізу межеленіп отыр», — деді Қ. Тұрғанқұлов.

Осы орайда ол «Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы негізінен жаппай мойындалған халықаралық демократиялық сайлаулар стандартына сай келетінін» атап өтті. «Біз бұдан былай да заңнаманы жетілдіре түсуге бағытталған белсенді жұмыстар жүргізбекшіміз», — деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті