Ақтөбе облысында жол апатынан қайтыс болғандардың отбасыларына материалдық көмек берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында жол апатынан қайтыс болғандардың отбасыларына  материалдық көмек берілді

Ақтөбе облысында жол апатынан қайтыс болғандардың отбасыларына материалдық көмек берілді

АҚТӨБЕ. 6 - тамыз. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысында өткен сенбідегі жол апатынан қайтыс болғандардың отбасылары әкімнен материалдық көмек алды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.

  • 6 Тамыз 2007
  • 505
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, облыс әкімі Елеусін Сағындықов көптеген адамдардың өмірін қиған жол апаты жайлы ести сала «парламент мәжілісін сайлауға байланысты демалысын тоқтатқан». «Әкім Мұғалжар орталық аудандық ауруханасында жатқандарға барып, өлім аузынан қалғандармен және қайтыс болғандардың отбасыларымен кездесіп, көңіл айтты»,- деді баспасөз қызметіндегілер.

Облыс әкімі қайтыс болғандардың туыстарымен кездескеннен кейін зардап шеккен әрбір отбасына 200 мың теңге көлемінінде материалдық көмек беру туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, Е. Сағындықов Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің бастығына «оқиғаның мән-жайын анықтап, қайғылы оқиғаға кінәліні анықтауды» тапсырды. Сонымен қатар, полиция басшысына «облыс жолдарындағы көлік қозғалысын бақылауды күшейтуді, ал жол қозғалысының ережесін бұзғандарға ең қатаң жаза қолдануды» тапсырды.

Бұрын хабарлағанымыздай, жол апаты сенбі күні кешке Ақтөбе — Астрахань тас жолының 98-ші шақырымында болған. «ВАЗ-2110» көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, Ақтөбе — Шұбарқұдық бағытында кетіп бара жатқан «ГАЗель» жүргізушілер көлігімен соғылған. Апат салдарынан «ГАЗель» жолдың шетіне аунап, өртеніп кеткен. Микроавтобустағы 18 адамның 15-і, соның ішінде бір емшектегі бала оқиға болған жерде қайтыс болған. Тағы бес адам әртүрлі деңгейдегі күйікпен ауруханаға жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша, жол-көлік оқиғасына кінәлі көлікті мас күйінде жүргізген «Жигулидің» жүргізушісі болып табылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті