Бұл қылмысты әшкерелеу үшін күшейтілген шұғыл тергеу тобы құрылды, тексеру барысын ішкі істер департаментінің басшысы айрықша қадағалауға алды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Полицияның хабарлауынша, Риддер-Барнаул тас жолынан 8 шақырым жерде, Быструха өзенінің жағалауында, «Кедровка» атты шаруа қожалығының маңында жергілікті тұрғындар өртеніп кеткен «Жигули» көлігін тапқан. Артынан өзеннен оқ тиіп өлген еуропалық нәсілді төрт ер адамның мәйіті табылды.
Алдын-ала шұғыл тергеу шаралары барысында Риддер тұрғындары болып табылатын төрт жәбірленушінің де аты-жөндері анықталды. Олардың бәрі де 19 -28 жас аралығында, екеуі бұған дейін қарақшылық шабуылдары үшін және денсаулығына ауыр зиян келтіру салдарынан жәбірленушіні өлімге душар ету жөніндегі қылмыстары үшін сотталған.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «қылмыстың жасалуына бір себеп — қара металл сынықтарын жинайтын кәсіпорыннан 260 мың теңгені ұрлау оқиғасы болуы мүмкін, жәбірленушінің екеуі осы кәсіпорында күзетші болып істеген».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті