Сайлаушылар тізімімен бір жыл бойы танысуға болады - ОСК - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайлаушылар тізімімен бір жыл бойы танысуға болады - ОСК

Сайлаушылар тізімімен бір жыл бойы танысуға болады - ОСК

АСТАНА. 6 тамыз. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылар тізімімен сайлау алдындағы мерзімде ғана емес, бір жыл бойы танысуға болады деп сендіреді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Тамыз 2007
  • 538
Фото - Caravan.kz

«Сайлаушылар тізімі тамыздың бірінші онкүндігінде Орталық сайлау комиссиясының веб-сайтында жарияланады, сол себепті сайлаушылар өздерінің тізімде бар-жоқтығын және қай учаскеде тіркелгендігін тексеру мүмкіндігіне ие болмақ», — деді бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов дипломатиялық миссиялар мен халықаралық байқаушылар өкілдеріне арналған брифингте.

«Бұдан былай тізім тек сайлау кезінде ғана емес, жыл бойы және күнделікті ілулі тұратын болады», — деді ОСК төрағасы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті