Алматыда демалыс күндері жолдағы апаттардың салдарынан үш адам қайтыс болып, екеуі жарақаттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда демалыс күндері жолдағы апаттардың  салдарынан үш адам қайтыс болып, екеуі жарақаттанды

Алматыда демалыс күндері жолдағы апаттардың салдарынан үш адам қайтыс болып, екеуі жарақаттанды

АЛМАТЫ. 6 - тамыз. Kazakhstan Today. Алматыда демалыс күндері жолдағы апаттардың салдарынан үш адам қайтыс болып, екеуі жарақаттанды. Бұл турады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының Құтқару қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Тамыз 2007
  • 405
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Әузеов және Қарасай батыр көшесінің қиылысында үш көліктің — «ВАЗ-2106», «ВАЗ-2107» және «БМВ» көліктерінің соқтығысуы салдарынан «Жигули» көлігінің жолаушысы қайтыс болды. «Жигули» мен «БМВ» көлігінің жүргізушілері қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Басқа жол-көлік оқиғасы Жетісу ауданында, Солтүстік айналма жолда болған. Бұл жерде сенбі күні «Мазда» маркалы көлік мопедпен соғылған. Апат салдарынан мопедтің жүргізушісі қайтыс болған.

Тағы бір адамның өмірін қиған апат Ж. Омаров көшесінде болды. «БМВ» және «КамАЗ» маркалы көліктердің соғылуы салдарынан оқиға орнында жеңіл көліктің жолаушысы қайтыс болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті