Астанада мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясының отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясының отырысы  өтеді

Астанада мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясының отырысы өтеді

АСТАНА. 6 тамыз. Kazakhstan Today. Астанада бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясының отырысы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Тамыз 2007
  • 381
Фото - Caravan.kz

Отырыста ассамблеядан Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттығына ұсынылатын кандидатуралар талқыланады.

Қазақстан халқы ассамблеясы республика президентінің жарлығына сәйкес президенттің жанындағы ақыл-кеңестік орган ретінде 1995-жылдың 1-наурызында құрылған.

Ассамблеяның іс-қызметі елімізде ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға септігін тигізуге; республика аумағында тұратын әр ұлт өкілдерінің арасындағы достық байланыстарды дамытуға, олардың рухани-мәдени жаңғыруы мен теңдік принципін сақтау негізінде дамуына түрткі болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөніндегі ұсыныстар дайындауға; жүргізіліп отырған ұлттық саясатта түрлі ұлттық мүдделердің ескерілуін қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталады.

Ассамблея құрамы мемлекеттік мекемелер, ұлттық-мәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құралады. Қазіргі таңда ассамблея құрамында 350 мүше бар.

Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстан халқы ассамблеясынан парламент мәжілісінің тоғыз мүшесі сайланады. Кезектен тыс сайлау 20-тамызға белгіленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті