Орталық сайлау комиссиясы тағы 167 байқаушыны аккредитациялады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясы тағы 167 байқаушыны аккредитациялады

Орталық сайлау комиссиясы тағы 167 байқаушыны аккредитациялады

АСТАНА. 6 тамыз. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясы тағы 167 байқаушыны аккредитациялады. Осындай шешім комиссияның бүгін өткен отырысында қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Тамыз 2007
  • 406
Фото - Caravan.kz

«ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының миссиясынан 124 байқаушыны, ТМД елдері миссиясынан 33 байқаушыны, шетелдік мемлекеттерден 10 байқаушыны, соның ішінде Франциядан -5, Ресейден — 1, Түркіменстаннан -1, Грузиядан- 3 байқаушыны аккредитациялау жөнінде ұсыныс жасалды», — деді ОСК қаулысының жобасын таныстырған комиссия мүшесі Марат Сарсенбаев.

Бұл ұсынысты комиссия мүшелері бір дауыстан қолдады.

Сөйтіп, қазіргі жағдаймен Қазақстанда 671 халықаралық байқаушы аккредитацияланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті