"Хабар" агенттігінің ЖСДП бейнеролигін шығарудан бас тартуы заңды - ОСК - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Хабар" агенттігінің ЖСДП бейнеролигін шығарудан бас тартуы заңды - ОСК

"Хабар" агенттігінің ЖСДП бейнеролигін шығарудан бас тартуы заңды - ОСК

АСТАНА. 6 - тамыз. Kazakhstan Today. "Хабар" агенттігінің Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бейнеролигін шығарудан бас тартуы заңды. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында осындай қорытынды жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 6 Тамыз 2007
  • 676
Фото - Caravan.kz

«Орталық сайлау комиссиясы «Хабар» Агенттігі» АҚ Алматыдағы бөлімішесінің Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының «Бір ел — екі тағдыр» атты насихаттау ролигін «Хабар» телеарнасының эфирінен шығарудан бас тартуын «Сайлау туралы» конституциялық заңының 28-бабының 8-тармағына сәйкес деп мойындау туралы қаулыны қабылдады»,- деп түсіндірді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Ол Орталық сайлау комиссиясы аталмыш роликті Бас прокуратураның сараптамасына жібергендігін еске сала кетті. «Біз 4-тамызда жауабын алдық, Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы сараптамасының қорытындысына сәйкес бейнероликтегі мәліметтер әлеуметтік алауыздық туғызуы мүмкін»,- деді Қуандық Тұрғанқұлов.

«Қазіргі уақытта Алматы қалалық ішкі істер органдары тарапынан тергеу алдындағы тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алматы прокурорының заңдық түсініктемесі Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының сайлауалды штабының жетекшісіне жолданды»,- деп атап көрсетті Орталық сайлау комиссиясының бастығы.

Сонымен қатар Қуандық Тұрғанқұлов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Ж. Тұяқбайдың сайлау құқығының бұзылуы туралы шағымы бойынша «4-тамызда Бас прокуратура тарапынан «Казахстанская правда» газетінің редакциясының басшылығына заң нормаларына түсініктеме берілгендігін және түрлі құқықтық зардаптардың алдын алу үшін Қазақстанның Ата заңы мен заңнама талаптарын қалтқысыз орындауды қамтамасыз ету ұсынылғандығын» атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті