Сайлау жүргізуге бөлінген мемлекет қаржысының 40 пайызға жуығы насихаттау жұмысына жұмсалған - Орталық сайлау комиссиясы - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайлау жүргізуге бөлінген мемлекет қаржысының 40 пайызға жуығы насихаттау жұмысына жұмсалған - Орталық сайлау комиссиясы

Сайлау жүргізуге бөлінген мемлекет қаржысының 40 пайызға жуығы насихаттау жұмысына жұмсалған - Орталық сайлау комиссиясы

АСТАНА. 6 - тамыз. Kazakhstan Today. Сайлау жүргізуге бөлінген мемлекет қаржысының 40 пайызға жуығы насихаттау жұмысына жұмсалған. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 6 Тамыз 2007
  • 450
Фото - Caravan.kz

«Саяси науқанға мәслихат депутаттары мен мәжіліс депутаттарын сайлауға бөлінген жалпы қаржы 7,5 млрд теңгені құрайды. Олардың 40 пайызына жуығын біз мәжілс депутаттығынан үміткерлер мен мәслихат депутаттығына үміткерлердің насихаттау жұмыстарына мемлекеттік кепілдік беруді қамсыздандыруға жұмсап отырмыз»,- деді Қ. Тұрғанқұлов.

Сонымен қатар Қуандық Тұрғанқұлов, мәслихат және мәжіліске депутаттар сайлау президенттік сайлаумен салыстырғанда бірнеше есе шығынды деп атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті