Алматы облысындағы мұнай базасында жанармай ағу оқиғасы болды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысындағы мұнай базасында жанармай ағу оқиғасы болды

Алматы облысындағы мұнай базасында жанармай ағу оқиғасы болды

АСТАНА. 15-тамыз. Kazakhstan Today. Алматы облысындағы мұнай базасында жанармай ағу оқиғасы болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Тамыз 2007
  • 475
Фото - Caravan.kz

Оқыс оқиға Іле ауданының Боралдай ауылында болды. «15-тамыз күні таңертең мұнай базасының қызметкерлері 1000 тонналық сыйымдылығы бар стационар ыдыстан 20 тоннаға жуық жанармайдың ағып кеткенін анықтады», деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бақытқай қарай отын тұтанбай қалды. Адамдардан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазіргі жағдаймен жанармайдың ағуы тоқтатылды. «Төтенше жағдайдың зардаптарын жою үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің үш адамы мен бір техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнын ІІД қызметкерлері күзетке алды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті