Семейде бір бала құрылыс шығыранының доңғалағының астына түсіп қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде бір бала құрылыс шығыранының  доңғалағының  астына түсіп қайтыс болды

Семейде бір бала құрылыс шығыранының доңғалағының астына түсіп қайтыс болды

СЕМЕЙ. 15 - тамыз. Kazakhstan Today. Семейде бір бала құрылыс шығыранының доңғалағының астына түсіп қайтыс болды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне қалалық жедел медициналық жәрдем станциясынан.

  • 15 Тамыз 2007
  • 458
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға 14-тамызда 20.30 шамасында «Красный Кордон» ықшамауданында болған. «Тоғыз жасар бала достарымен бірге көшеде ойнап жүрген. Олар кетіп бара жатқан ауыр көлікті көре салып, оған жармасып біраз жерге дейін ілесіп бармақ болған. Дәл осы сәтте шығыранның жүргізушісі артқа қарай шегінбек болған сыңайлы, сөйтіп бала доңғалақтың астында қалып қойған»,- деді станция бастығының орынбасары Мәнсия Әукенова.

Оқиға болған жерге келген «жедел жәрдем» бригадасы баланы өлімге әкеп соқтырған ауыр жарақттарды анықтады. Бала дәрігерлер келгенге дейін көз жұмған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті